Теһран-Баку қарым-қатынасы әртүрлі салаларда артып келеді
ИИР Президенті Рухани Теһран-Бакудың әртүрлі салалардағы қарым-қатынасының дамып келе жатқанын айтып, екіжақты әріптестік пен байланысты одан ары кеңейту үшін талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.
Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровпен кездесуінде екі ел әріптестігінің арқасында маңызды жобалардың орындалып жатқанын айтып, "Рәшт-Астара» темір жолын екі ел мен аймақ мүдделері үшін маңызды қадам. Оны орындау амалдарының тез арада басталатынына үміт білдірді",-деді.
Эльмар Мамедъяров та осы кездесуде Теһран-Бакудың саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік салалардағы қарым-қатынасын дамыту жолында ешқандай кедергі мен қиындықтың жоқ екенін айтып, "Рәшт-Астара» темір жолы құрылысының ортақ жобасын аймақтағы стратегиялық маңызды жобалардың бірі деп атады.
Мамедъяров осы темір жол желісі салынған соң Ресей, Әзірбайжан мен Иран байланысып, Иранның Грузия арқылы Қара теңізге шығатынын мәлімдеді.