Лариджани Иран мен Әзірбайжанның аймақтың экономикалық дамуы жолында әріптестік жасауына мүдделік танытты
https://itolqyn.com/news/iran-i41484-Лариджани_Иран_мен_Әзірбайжанның_аймақтың_экономикалық_дамуы_жолында_әріптестік_жасауына_мүдделік_танытты
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани көршілес елдермен, соның ішінде Әзірбайжанмен экономика саласында әріптестік жасау үшін ешқандай шектеу жоқ екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 10, 2019 15:09 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани көршілес елдермен, соның ішінде Әзірбайжанмен экономика саласында әріптестік жасау үшін ешқандай шектеу жоқ екенін мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровпен кездесуінде «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізіне тоқталып: «Солтүстіктен оңтүстікке тартылған темір жолы стратегиялық тұрғыдан маңызды. Бұл бағыт арқылы Каспий теңізін Парсы шығанағымен байланыстыруға болады әрі тауар тасымалы мен транзит үшін өте маңызды»,-деді.

Эльмар Мамедъяров та осы кездесуде Иран Президенті және Сыртқы істер министрімен жүргізілген келіссөздерге тоқталып: «Иран мен Әзірбайжан арасында саяси, мәдени және гуманитарлық салалардағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық жоқ. Экономикалық салада да әріптестіктерді дамыту керек»,-деді.