Рухани: Иран мен Ирак халықтарының байланысы мықты
(last modified Thu, 14 Mar 2019 08:37:06 GMT )
Нау 14, 2019 14:37 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Ирак халықтарының байланысы мықты

ИИР Президенті Хасан Рухани ешбір елдің Иран мен Ирак халықтары арасына іріткі салуға қауқары жетпейтінін мәлімдеді.

Хасан Рухани Иракқа жасаған үш күндік сапарының соңында кеше, сәрсенбі күні кешке Теһран әуежайында бұл сапарды Иран мен Ирак қарым-қатынасының бетбұрыс нүктесі деп атап, оның екі ұлт пен аймақтың мүдделеріне сай байланыстардың дамуына жағдай жасайтынына үміт білдірді.

ИИР Президенті Рухани екіжақты келіссөздерде Иран мен Ирак қарым-қатынасының келесі кезеңде басқа елдердің қосылуы арқылы үшжақты және көпжақты байланысқа айналатындай жоспарлануы қажеттігі қуатталғанын мәлімдеп:  «Ирак басшыларымен кездесуде шекара мәселесі сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. Қос тарап 1975 жылы қол қойылған хаттама мен Арванд өзенінің түбін тазалау туралы келісімнің орындалуына баса назар аударды. Бұл өзен Иранның оңтүстік-батысындағы Хузистан облысының халқы үшін ерекше маңызды»,-деді.

 

 

Тегтер