Діни жетекшінің Иран әскерінің басқа әскерлерден айырмашылығы туралы көзқарасы
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран Қарулы күштерінің жоғары қолбасшыларымен кездесуінде: «Иранның Исламдық республика жүйесінде қарулы күштердің негізгі міндеті - ұлттық шекаралардың қауіпсіздігін қорғау. Сондықтан күннен күнге бұл күштердің операциялық әлеуеттері мен рухани ой-пікірлері нығаюы қажет»,- деді.
Иранда Ислам революциясының жеңісімен діни тағылымдар мен рухани наным-сенімдер барлық істердің маңызды және жол нұсқаушы негізі ретінде қалыптасты. Әскери қорғаныс мүмкіндігін нығайту ұлттық қауіпсіздік факторларының бірі болып саналады. Осы маңызды факторға байланысты әр ел өзінің географиялық және саяси шекараларын қорғау үшін қорғаныстық күш-қуатын арттыру құқығына ие. Осыған орай Иран қарулы күштері діни тағылымдарға сүйеніп, қорғаныс әлеуетін күшейтіп, ұлттық қауіпсіздік шекраларын қорғауды мақсат етеді. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері Иран дұшпанның қастықтарымен кезігіп, дұшпандық тіпті бір сәтке де тоқтамады. Иранның қорғаныс саласындағы бағдарламалары соғыс және бейбіт жағдайларда исламдық тағылымдар негізінде жүзеге асырылады. Сегіз жылға созылған қасиетті қорғаныс жылдары Иран әскерилерінің іс-әрекеттері діни тағылымдарға сүйеніп, соғыс алаңында қарулы күштердің жеңістеріне жағдай жасады.
Иранның қарулы күштері жалғандыққа қарсы соғыс майданында тіпті дұшпанның БААС әскерилеріменде адамгершілік негіздер бойынша қатынас жасады. Дұшпан тұтқынға түскен немесе соғыс майданында әлсіреген кезде оған исламдық негіздерге сай қатынас жасап, исламдық адам құқығын іс жүзінде көрсетті.
Исламдық Иранның әскерилену саясатымен салыстырғанда әлемнің мемлекеттерінің көбінен қарулы күштердің екі тобын кездестіруге болады. Бірінші топ – салтанатты әскери күштер. Олардың операцияларға қатысатын мүмкіндігі жоқ. Олар тек үкімет пен үкімет басындағылардың қауіпсіздігін қорғайды. Батыс Азия аймағында Сауд Арабиясының әскері мұндай әскерлердің үлгілерінің бірі саналады. Сауд режимінің Йеменге қарсы шабуылының мақсаты тәуелді басшыларды қорғау болды, бірақ олардың ісі алға басқан жоқ. Олар тек халыққа шабуыл жасады. Екінші топ ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, сырт көзге жоғары әскери дайындыққа ие болғандарымен әрекеттер майданында тек қаруға сүйеніп, қисынсыз әрекет жасап, рақымсыздық көрсететін күштер.
Мұның айқын үлгісіне АҚШ әскерінің Ирак пен Ауғанстандағы әрекеттері жатады. Мұндай қарулы күштер соғыс алаңында сәтсіздікке ұшырағанда «Блек Уотер» сынды қылмыскер күштерді пайдаланудан бас тартпайды.