Иран Ислам ынтымақтастық ұйымынан төтенше отырыс өткізуді сұрады
ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні Ислам ынтымақтастық ұйымының кезеңдік басшысы Түркия Сыртқы істер министрі Мевлюд Чавушоғлымен телефонмен сөйлесіп, Жаңа Зеландияда жасалған лаңкестік шабуыл мен мұсылмандардың өлтірілуін айыптап, Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден бұл қорқынышты қылмысқа тиісті реакция білдіруді сұрады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф телефонмен сұхбатта осы лаңкестік оқиға мен Израиль сарбаздарының басып алынған Палестинада мұсылмандардың мешітіне құрметсіздік көрсетуіне тоқталып, Ислам ынтымақтастық ұйымынан елбасылар немесе Сыртқы істер министрлері деңгейінде төтенше отырыс өткізуді сұрады.
Қаруланған лаңкестер жұма күні түсте Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында Линвуд пен ән-Нұр мешіттеріне басып кіріп, намазхандарға оқ жаудырды. Айуандық қылмыста 49 адам қаза тауып, 50 адам жараланды.