Иран Сыртқы істер министрі Жаңа Зеландиядағы лаңкестік қылмысқа реакция білдірді
Нау 16, 2019 17:23 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Жаңа Зеландияда жасалған лаңкестік қылмысқа реакциясында Иран халқының бұл лаңкестік шабуылға ызаланып, ашуланғанын, бірақ таң қалмағанын жазды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "АҚШ-қа баруға тыйым салынған елдердің қатарына кіретін және қыз балалары Франция мектептерінде діни уәжіптерді орындай алмайтын Иран халқы исламнан жиіркену мен нәсілшілдік дегеннің қандай салдары болатынын жақсы біледі",-деп жазды.
Тегтер