Зариф: Халабче мен Сардашт жантүршігерлік оқиғасы ұмытылмайды
Иран Сыртқы істер министрі Саддам режимінің Ирактың Күрдістан аймағына жасаған химиялық шабуылының жылдығында Халабче мен Сардашт жантүршігерлік оқиғасының ұмытылмайтынын айтты.
Ирактың Күрдістан аймағындағы Халабче қаласы Иран шекарасына жақын орналасқан. Бұл қала 1988 жылдың 15 наурызында Ирактың
Баас режимі армиясының химиялық шабуылының нысанасына алынып, салдарынан 5 мыңға жуық адам қаза тапты.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында батыстықтардың Баас режимінің химиялық шабуыл жасағанын теріске шығарғанын айтып: "Олар басында Иранды кінəлі санағанымен, өз одақтасының олардың химиялық қаруларын қолданғанын білгенде үнсіздік танытты. Батыс 31 жылдан бері Халабче мен Сардашт жантүршігерлік оқиғасын ұмытқысы келген болар, бірақ Иран халқы мен күрд бауырластар мұны ұмытпайды",-деді.