Нау 18, 2019 15:50 Asia/Almaty
  • Лариджани Иран мен Қазақстан арасында банктік ынтымақтастықтарды арттыруға мүдделік танытты

Лариджани Иран мен Қазақстан арасындағы сауда ынтымақтастықтарын дамытуға, ол үшін алдымен екі елдің банктік ынтымақтастықтарын жеңілдетуге мүдделік танытты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани Теһранда Қазақстанның жаңа елшісі Асхат Оразбаймен кездесуінде екі ел арасындағы жақсы қарым-қатынасқа тоқталып, Иран мен Қазақстан арасындағы келісімдердің екі елдің тауар экспорты мен импортына көмектесетінін айтты. Лариджани, сондай-ақ, екі ел арасындағы туристік өнеркәсіпті дамытудың маңыздылығын баса айтты.

Қазақстан елшісі  Алматы-Астана әуе рейсінің  қайта басталғанын, рейстің аптасына бір рет жасалатынын айтты.

 

 

 

Тегтер