Ислам революциясының жетекшісі шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылды «өндірісті дамыту» жылы деп атады
(last modified Thu, 21 Mar 2019 04:26:00 GMT )
Нау 21, 2019 10:26 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылды «өндірісті дамыту» жылы деп атады

Ислам революциясының жетекшісі хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылдың басталуына орай сөйлеген сөзінде отандастарын, әсіресе шәһидтер мен ардагерлердің отбасыларын Наурыз мейрамы және хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтап, Иран халқына қуаныш, бақыт, денсаулық пен материалдық және рухани табыс тілеп, жаңа жылды «өндірісті дамыту» жылы деп атады.

Аятолла Хаменеи өткен 1397 жылды бағалап, оның оқиғаларға толы жыл болғанын атап: «Дұшпандар өткен жылы Иранға қарсы көптеген жоба дайындады, бірақ Иран халқы батылдығы және қырағылығымен, сондай-ақ, жастарының ерік-жігерімен соның бәрін залалсыздандырды»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының АҚШ пен Еуропаның қатаң санкцияларына қарсы реакциясын саяси және экономикалық салалардағы мықты реакция деп бағалап: «Саяси деңгейде бұл реакцияның көрінісі 22 баһман шеруі мен Иран халқының жыл бойғы ұстанымынан көрініс тапты. Экономикалық салада да Иран халқы ғылыми-технологиялық бастамалары, іргелі ғылымға негізделген компанияларын арттыруы, елдің оңтүстік газ кешендерінің көптеген фазалары мен Бандар-Аббас тазарту зауытын іске қосу секілді ішкі және негізгі инфрақұрылымдық өндірісті  арттыруымен дұшпандардың қастандықтарына қарсы тұрып, айбынын паш етіп, халық пен революцияның және Ислам республикасы жүйесінің абыройын арттырды»,- деді.

Аятолла Хаменеи Иран халқының 1397 жылды «Ирандық тауарларды қолдау» деп аталуын қолдағаны мен оның оң әсерлеріне тоқталып: «Биылғы жылдың басты мәселесі – өндіріс мәселесі. Өйткені, егер өндіріс алға ілгерілесе, күнделікті тұрмыс пен жұмыс орындары мәселелері шешіліп, елдің бөгде елдер мен дұшпандардан тәуелсіз болуына, тіпті ұлттық ақшаның құнына қатысты мәселенің де үлкен бөлімін шешуге себеп бола алады. Сондықтан мен биылғы жылдың ұранын «өндірісті дамыту» деп ұсындым»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи баршаны елдің өндірісін дамыту жолында талпыныс жасауға шақырып, жыл бойы талпыныстарды арттырудың арқасында экономикалық мәселелердің шешілу жолына түсетіндігіне үміт білдірді.

 

 

Тегтер