Зариф: Иран халқы АҚШ-тың санкцияларына қарсы тұрады
Иран Сыртқы істер министрі ирандықтардың Жаңа жылының басталғанына орай жасаған мәлімдемесінде: «АҚШ-тың Иран халқының тұрмысын жоюды көздейтін ортағасырлық тактикаларына қарамастан олар үміттерін үзген жоқ»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Твиттердегі парақшасында Иран мен әлем халықтарын Наурыз мейрамымен құттықтап: «Иран халқы АҚШ-тың жеті президентіне ирандықтардың қиындықтармен қарсыласумен қатар оларды даму үшін қажет мұрсатқа айналдыратынын көрсетті»,- деді. Зариф ирандықтардың жаңа жылда жаңадан пайда болған икемді экономиканың сыйына тәжірибеден өткізетініне тоқталып: «Иран әріптестерінің ынтымақтастығымен АҚШ үкіметінің Иран халқының айналасына тұрғызғысы келген адамгершілікке жат дуалын қиратады»,- деді. Зариф ирандықтардың абырой-беделімен шапқыншылардың көбін артта қалдырғанына сілтеме жасап: «Иран халқы аймақ пен әлемнің қайшылықтарын азайтып, сындарлы келіссөз жүргізуді маңызды санайды»,- деді.