Иранның солтүстігіндегі елді мекендер су астында қалды
(last modified Sat, 23 Mar 2019 09:50:38 GMT )
Нау 23, 2019 15:50 Asia/Almaty

Өткен күндердегі нөсер жаңбыр су тасқыны мен жер көшкініне себеп болып, Иранның солтүстік облыстарындағы ауыр шығындарға себеп болды.

Иранның солтүстігіндегі Мазандаран облысының жергілікті басшылары жуырдағы жүрген сел тасқыны салдарынан облыс өзендеріндегі судың артуын бұрын-соңды болмаған құбылыс деп атап, өткен күндері Мазандаран өзендеріндегі су мөлшерінің 10 есе артып, өзендердің жағалауындағы жерлерге үлкен зардап келтіргенін айтты.

Түркіменстан шекарасындағы Гүлстан облысының солтүстік-батысындағы Аққаланың басшысы жедел көмек күштерінің көптеген талпыныстарына қарамастан қаланың шамамен 70 пайызы су астында қалғанын, осы уақытқа дейін қаржы шығындарынан басқа Гүлстан облысында   қабырға қирандысының астында қалып, екі баланың қаза болғанын айтты.