Лариджани: Қарсыласу ағымы америкалық-сионистік қастандықтарды жеңді
https://itolqyn.com/news/iran-i41617
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани «Әл-Минар» телеарнасына берген сұхбатында: «Қарсыласу ағымы аймақтағы америкалық-сионистік қастандықтарды сәтсздікке ұшыратып, сионистік режимге мықты соққы берді»,- деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 23, 2019 18:01 Asia/Almaty
  • Лариджани: Қарсыласу ағымы америкалық-сионистік қастандықтарды жеңді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани «Әл-Минар» телеарнасына берген сұхбатында: «Қарсыласу ағымы аймақтағы америкалық-сионистік қастандықтарды сәтсздікке ұшыратып, сионистік режимге мықты соққы берді»,- деп қуаттады.

«Әл-Минар» телеарнасының жұма күнгі мәліметі бойынша, Әли Лариджани ислами және шекаралас елдермен адал ынтымақтастық етіп, басқа елдермен де достық қарым-қатынас орнатуды Ислам революциясының стратегиялық саясаттарының қатарында атап: «Кейбір мемлекеттердің АҚШ пен сионистік режимнің түрткілерімен арандатушылық әрекеттері Иранның шетелдік қарым-қатынастарына еш әсер еткен жоқ»,- деді.

Лариджани «Әл-Минарға» берген сұхбатында АҚШ басшыларының аймақтағы ДАИШ лаңкестік тобын Вашингтон құрғанын еске салып: «Бұл әрекет – аймақ пен қарсыласу ағымына қарсы үлкен қастандықтың белгісі. АҚШ пен оның одақтастары аймақтағы қарсыласу ағымының күш-қуатын түсініп, қарсыласу ағымын қолдайтын Сирияға шабуыл жасап, соққы беріп, содан соң Иракқа соққы беруді көздеді. Олар сондай-ақ, Түркия мен Иорданияға шабуыл жасауды көздейді»,- деді.