Рухани: Трамптың Голан жоталары туралы шешімі – отаршылық
https://itolqyn.com/news/iran-i41652
ИИР Президенті АҚШ Президентінің басып алынған Голан жоталарын біржақты шешімімен сионистерге сыйлауын отаршылық деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 27, 2019 14:28 Asia/Almaty
  • Рухани: Трамптың Голан жоталары туралы шешімі – отаршылық

ИИР Президенті АҚШ Президентінің басып алынған Голан жоталарын біржақты шешімімен сионистерге сыйлауын отаршылық деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани сейсенбі күні елдің министрлері, директорлары және атқарушы органдардың басшыларымен кездесуінде Дональд Трамптың Голан жоталарын басқыншы сионистік режимнің егемендігі деп жариялауына тоқталып: «Трамп халықаралық заңдарға қайшы біржақты шешімімен басқа елдің жерін заңсыз режимге сыйлады.  Көптеген елдерде отаршылдық басым болған кезде кейбір ірі державалар отаршылық әрекеттер жасады, бірақ қазіргі ғасырда мұндай әрекет бұрын-соңды болмаған»,- деді.