Але Хабиб: Сионист басқыншылар лаңкестермен одақтасып отыр
(last modified Fri, 29 Mar 2019 17:48:38 GMT )
Нау 29, 2019 23:48 Asia/Almaty
  • Але Хабиб: Сионист басқыншылар лаңкестермен одақтасып отыр

ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі лаңкестіктің тамырларымен күресу қажеттігін айтып: «Шетелдік басқыншылық басқыншылардың лаңкестермен одақтасуына себеп болды. Мысалы, израильдіктер Сириядағы лаңкестерге көмектесіп жатыр»,-деді.

Исхақ Але Хабиб бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында: «Лаңкестік – әлемдік қатер. Онымен күресу жан-жақты ойластырылған шешім жолын қажет етеді»,-деді. Иранның БҰҰ-дағы елшісі лаңкестік шабуылдар салдарынан 17 мыңнан астам ирандықтың шәһид болғанын еске салып, Иранның лаңкестікпен күресуге толық әзір екенін айтып, ИИР-ның лаңкестікті қаржыландырумен күресу жолында атқарған шараларының бір бөлігін баяндады.

Але Хабиб мұнайдан түсетін доллардың айтарлықтай бөлігінің ДАИШ пен басқа лаңкестік топтарға жіберілетінін және бұл топтардың өткен жылдарда Сирия мен Иракта ұрлаған мұнай мен ежелгі мәдени ескерткіштерді сатудан табыс тауып отырғанын айтып: «Бұл мысалдар кейбір елдерде лаңкестікті қаржыландырумен күресу үшін саяси ерік-жігердің жоқтығын көрсетеді»,-деді.