Нау 30, 2019 21:35 Asia/Almaty
  • Азия чемпионатында Иранның садақшылары екі алтын мен бір күміс алды

Иранның садақшылар командасы Тайландта өтіп жатқан Азия кубогы жарысында екі алтын мен бір күміс алды.

Тайландтың Банкок қаласында өтіп жатқан Азия кубогы жарысының жалғасында Иранның құрама командасы Индонезия командасын 156:154 есебімен жеңіп, алтын алып, жеңімпаз атанды.

Осыдан бұрын жеке бөлімде финалға жеткен Иран өкілі қазақстандық садақшыны 145:143 есебімен жеңіп, алтын алды.

Иранның садақшылар командасы Үндістан командасынан 233:230 есебімен жеңіліп, екінші орын алып, күміс жүлдені місе тұтты.

Тайландта өтіп жатқан Азия кубогы жарысына Иран командасы ерлер арасындағы садақшылар бөлімінде екі өкілмен, әйелдер арасындағы садақшылар бөлімінде 3 өкілмен қатысты. Бұл жарыс 25 наурызда басталып, 31 наурызда аяқталады.  

Тегтер