Зариф: Иран халқы Трампқа бас имейді
(last modified Mon, 01 Apr 2019 13:48:23 GMT )
Сәу 01, 2019 19:48 Asia/Almaty
  •  Зариф: Иран халқы Трампқа бас имейді

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы шараларына білдірген реакциясында ирандықтардың ешқашан АҚШ-тың қысымдары алдында тізе бүкпейтінін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты саясаттарының жеңіліс тапқанын жазып: "Трамп Иранға қарсы жеңіліс тапқан саясатын сәтті деп көрсету үшін кез келген сылтауға жармасады",-деді.

Трамп сенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында жариялаған сөзінде  АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын елінің сыртқы саясаты үшін сәтті шешім деп бағалады. Дональд Трамп АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығару арқылы Иран халқына қарсы саяси-экономикалық қысымдарды арттыруға тырысқанымен, бұл жолда сәттілікке жеткен жоқ.

Тарихи тәжірибе айқын дәлелдегендей, АҚШ-тың қысымы артқанымен, Иран халқы ешқашан бұл елге бас имейді. АҚШ-тың бұрынғы Президенттерінің осы саладағы жеңіліс тапқан саясаттары Дональд Трампқа ирандықтардың ешқашан қысымға тізе бүкпейтінін үйретуі тиіс.

АҚШ-тың әртүрлі үкіметтері өткен 40 жылда Иран халқына қарсы саяси-экономикалық қысымдардың түр-түрін қолданды. Алайда осындай зорлық саясаттың нәтижесі халықтың одан ары бірігіп,  тілеулесуі және ИИР-ның әртүрлі салаларда нығая түсуінен басқа нәтиже бермеді.

Иран санкциялар заманында саяси-экономикалық, әскери-қорғаныс салаларында жақсы жетістіктерге қол жеткізді.  Бұл жетістіктер ИИР-ның айбынын асырып, ықпалын күшейтті. Аймаққа ықпал ету қуаты – ИИР-ның айбынының белгісі. Бұл мәселе Дональд Трампты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуға итермеледі. Осылайша ол Иран  Ислам Республикасына билік етіп, тізе бүктіруді көздеді.  

Алайда Трамптың бұл шарасы әлемдік қауымдастықтың АҚШ Президентінің біржақты қатынастарына қарсылығын күшейтті. Бұл ел әлемдік деңгейде саяси тұрғыдан одан ары оқшаулана түсті. Трамптың халықаралық келісімдер мен заңдарға көңіл аудармауы мен Иранға қысымды күшейту үшін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы америкалық орталарда да қарсылыққа ұшырады.  

Осы салада АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Дональд Трамп пен одақтастарының Иранға қарсы әсіре саясаттарына қатысты ескерту жасады.

Америкалық «Брукингс» институты да сенбі күні Трамп үкіметінің Иранды АҚШ-тың қалауына көндіруге бағыттаған саясатының жеңіліс тапқанын мойындады.  

"Брукингс" институтының мамандары Трамп үкіметінің Иранға қатысты сәтсіздігінің басты себебін ирандықтардың АҚШ-тың талап-тілектеріне қарсы шығуы және оның зорлық жасап отырғанын түсінуі деп атады.

Иран Ислам революциясының 40 жылдық тарихы мынаны көрсетеді: АҚШ өзінің зорлығын күшейткен сайын Иран халқының қарсылығы нығайып, АҚШ-тың стратегиясын жеңіліске ұшыратады. Қазір де АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен Иран халқына қысымдарын арттыруы Ақ үйді мақсатыына жеткізбейді.

АҚШ-тың біржақты қатынасы белгілі бір елге ғана зиян тигізіп қоймайды, керісінше, бүкіл әлемге әсер етеді. АҚШ Президентінің осындай қатынасына қарсы бірігу – әлемдік қажеттілік.

АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін ИИР-ның біртұтастығы артып, күшейе түссе, әлемдік қауымдастық АҚШ-тан алшақтай түсті. Соған қарамастан Дональд Трамп елінің ядролық келісімнен шығуын өзі үшін жетістік санап отыр.