Ирактың Күрдістан аймағында Иран визасын тегін беру тәсілі жарияланды
(last modified Tue, 02 Apr 2019 12:27:15 GMT )
Сәу 02, 2019 18:27 Asia/Almaty
  • Ирактың Күрдістан аймағында Иран визасын тегін беру тәсілі жарияланды

ИИР-ның Ирактың Күрдістан аймағының Эрбиль қаласындағы бас консулы Мортаза Эбади екі ел азаматтарының қатынауы үшін визаның бұрынғыдай міндетті екенін, бірақ визаның тегін берілетінін айтты.

Мұртаза Эбади ИИР-ның Эрбиль қаласындағы Бас консулдығының Иранның Ирактағы басқа өкілдіктері сияқты 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тегін виза беруді бастағанын, сол себепті Ирактан да келісімдерді орындауға талпыныс жасау күтілетінін мәлімдеді.

Эбади ақысыз визаның түрлеріне тоқталып тиісті заңдар аясында визаның кіру, туристік, зиярат, оқу, жұмыс, емделу, жеке, жанұялық деген түрлері тегін берілетінін де хабарлады.

Иранның Эрбильдегі бас консулы туризм индустриясын дамыту үшін визаны тегін берудің маңыздылығына тоқталып, тегін визаның сапардың жан басына шаққандағы шығынын азайтып, туризм индустриясының одан ары қарқындай түсуіне септігін тигізетінін қуаттады.

Тегтер