Зариф Помпеоның Иран туралы қарама-қайшы сөздеріне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i41726-Зариф_Помпеоның_Иран_туралы_қарама_қайшы_сөздеріне_реакция_білдірді
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иран туралы қарама-қайшы сөздеріне реакция білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 06, 2019 17:50 Asia/Almaty
  • Зариф Помпеоның Иран туралы қарама-қайшы сөздеріне реакция білдірді

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иран туралы қарама-қайшы сөздеріне реакция білдірді.

Помпео бейсенбі күні НАТО-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлері отырысының соңында Иран Ислам Республикасын осы ұйым мен әлем үшін қатер деп сипаттап, Вашингтонның Теһранға санкция салу арқылы Иранның ықтиярындағы қаржы көздерін шектеуге талпыныс жасап жатқанын айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі жеке парақшасында Помпеоның қарама-қайшы сөздеріне білдірген реакциясында: "АҚШ бір күні Иранды құлау қарсаңында тұр деп жариялайды, екінші күні ИИР НАТО-ға қоқан-лоққы жасайтын "Үлкен алпауыт" ретінде сипатталады.

Помпео мен оның басшысы кез келген оқиғаға қатысты қарама-қайшы уәжді қолданады. Оған керісінше, Иран әр іске әрдайым жауапкершілікпен қарап, бейбітшілік талап етеді",-деп жазды.