Иран мен Ирактың қарым-қатынасы екі көршілес елдің қатынасынан жоғары
(last modified Mon, 08 Apr 2019 08:45:35 GMT )
Сәу 08, 2019 14:45 Asia/Almaty
  •  Иран мен Ирактың қарым-қатынасы екі көршілес елдің қатынасынан жоғары

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ирак Премьер-министрі Адель Абдул-Махди мен бірге келген делегациямен кездесуінде Иран мен Ирак халықтарының мәдениеті, тарихы мен наным-сенімдерінің астасып кеткеніне тоқталып, Иран мен Ирак қарым-қатынасының екі көршілес елдің қатынасынан жоғары екенін айтты.

Аятолла Хаменеи сенбі күні кешке болған кездесуде америкалықтар мен саудиялықтардың Ирак жайлы сөздерінің олардың ішкі ниеттерімен үйлеспейтінін айтып: "Олар ДАИШ Мосулды басып алған кезде оларға қаржы, қару-жарақ пен жабдықтар жіберіп отырды. Енді Ирак ДАИШ-ты жеңген кезде оған достық нышанын білдіріп отыр",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі қазіргі жағдай мен өткеннің ащы шындықтары негізінде АҚШ-тың аймаққа қатысты ниетіне меңзеп отыр. АҚШ аймақ пен Иракқа қатысты ұзақ мерзімді саясатында бірнеше қырлы мақсаттарды көздейді. Сол қырлардың бірі – Ирактың Иранмен ара қатынасына жік салу.

Аймақ мәселелері жөніндегі сарапшы Карам Хазарджи: "Иран мен Ирак халықтары арасында ежелден бері жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Саддам жүйесі емес, Ирак халқы қоршауға алынғанда Иран ғана Ирак халқының жанынан табылып, санкция кезіндегі ең ауыр жағдайларда Ирак халқына көмек жіберіп отырды",-деді.

АҚШ бұдан бұрын Иракта Баас режимі билік құрған кезде де Саддамды құрал ретінде пайдаланып, Сауд Арабиясы мен аймақтағы одақтастарының  мұнайдан түскен долларларын жұмсап, аймақты бөлшектеу үшін жоба жасады. Алайда Саддамның таңған соғыста жеңіліс табуы АҚШ-тың өз мақсатына жетуіне кедергі болды. Жақтастық ақырында АҚШ-тың Иракқа шабуыл жасап, бұл елдің қиратылуына соқтырды. Содан кейін Ирак тыныштықтан айрылды. Өйткені, АҚШ Ирактың қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, лаңкестік топтар мен ДАИШ-тың бұл елді басып алып, бөлшектеуіне жағдай жасады. Алайда бұл қастандық та Иранның әсерлі көмектерінің арқасында сәтсіздікке ұшырады.

Осы жағдайды назарға ала отырып, Ислам революциясының жетекшісі аймақ елдерінде америкалық әскерилер құзырының аймақ елдері мен халықтарына зиян тигізетінін айтып, Ирактың Премьер-министріне: "Ирак үкіметі америкалық әскерилердің тез арада Ирактан шығуы үшін жағдай жасауы керек. Өйткені, олар бір елде әскерін ұзақ мерзімге орналастырса, оларды шығару үдерісі қиын болады",-деді.

АҚШ Ирак пен аймақтың саяси саласында Ирак пен Иран арасындағы мықты, сенімді әрі стратегиялық қарым-қатынасты өзіне зиян санайды. Алайда Иран мен Ирак өздерінің тәуелсіз жолын жалғастыратынын көрсетті.

Тегтер