Лариджани: Америкалықтар экономикалық лаңкестікті іске асырып отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i41748
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы америкалықтардың Иран үкіметі мен халқына экономикалық қысым көрсетіп, экономикалық лаңкестікті іске асырып отырғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 08, 2019 16:30 Asia/Almaty
  • Лариджани: Америкалықтар экономикалық лаңкестікті іске асырып отыр

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы америкалықтардың Иран үкіметі мен халқына экономикалық қысым көрсетіп, экономикалық лаңкестікті іске асырып отырғанын мәлімдеді.

Әли Лариджани жексенбі күні al-Jazeerа арнасына берген сұхбатында: «АҚШ Иракта ДАИШ тобын құрып, ислам елдері арасында мәселе тудырғысы келді. Енді қазір аймақтың кейбір мемлекеттеріне экономикалық қысым жасап, осы салада лаңкестік жасап отыр»,- деді. Лариджани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен АҚШ-тың одан шығуы туралы: «Бір мемлекеттен басқа әлемнің басқа елдері табандылық танытып отырған келісімге Иран табанды болмайтындай дәлел жоқ»,- деді. Ол Иранның ядролық бағдарламасы туралы: «Иран ядролық мәселеде ешкімнен көмек күтпейді. Қазіргі таңда Иранның ядролық мәселедегі рөлін теріске шығаруға болмайды»,- деп баса айтты.