Зариф: Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялау – АҚШ-тың Нетаньяхуге жасаған сыйы
(last modified Tue, 09 Apr 2019 07:46:48 GMT )
Сәу 09, 2019 13:46 Asia/Almaty
  • Зариф: Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялау – АҚШ-тың Нетаньяхуге жасаған сыйы

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф дүйсенбі күні кешке АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп атауын сионистік режим премьер-министріне жасалған сый және қатерлі әрекет деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы әрекеті – сионистік режимнің парламент сайлауы алдында Нетаньяхуге жасалған сый және аймақтағы келесі бір қатерлі әрекет»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрі елінің Президенті мен Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі басшысына жазған хатында Батыс Азия аймағындағы америкалық әскери күштерді Иранның лаңкестік топтарының тізіміне тіркеуді сұрады.

Британиядағы Иран елшісі де АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы әрекетіне реакция білдіріп Твиттердегі парақшасында: «Трамп Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялауы арқылы ең ақымақ саяси шешім қабылдады",- деп жазды.