Иран аймақтағы америкалық әскери күштерді лаңкес деп атады
(last modified Tue, 09 Apr 2019 07:49:58 GMT )
Сәу 09, 2019 13:49 Asia/Almaty
  • Иран аймақтағы америкалық әскери күштерді лаңкес деп атады

ИИР-ның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Батыс Азия аймағындағы америкалық әскери күштер мен олардың қарамағындағы күштерді лаңкестік топ деп атады.

ИИР-ның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі өз мәлімдемесінде АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйымдар тізіміне тіркеген заңсыз әрі қатерлі әрекетін айыптап: «Иран АҚШ-ты лаңкестікті қолдайтын үкімет, ал Батыс Азия аймағындағы америкалық әскери күштер мен оның қарамағындағы барлық күшті лаңкестік топ санайды. Ислам революциясы Сақшылар корпусы Батыс Азия аймағындағы экстремистер мен лаңкестерді үнемі қолдаған АҚШ пен оның аймақтағы одақтастарына қайшы әрқашан аймақта лаңкестік және эксремизммен күресіп келеді. Революцияшыл күштер әл-Каида, ДАИШ, ән-Носрат пен аймақтағы басқа лаңкестік топтармен күресуімен зардап шеккен халықтар мен үкіметтердің алғысына ие болды»,- деп жариялады.