Сақшылар корпусының жанкештілігі ДАИШ-тың аймақтың екі елін бақылауына алуға тосқауыл жасады
(last modified Wed, 10 Apr 2019 08:14:12 GMT )
Сәу 10, 2019 14:14 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының жанкештілігі ДАИШ-тың аймақтың екі елін бақылауына алуға тосқауыл жасады

ИИР Президенті Рухани сейсенбі күні кешке Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефонмен сөйлескенде АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы әрекетін өте қатерлі және халықаралық қарым-қатынастарда болмаған әрекет деп атап, егер Сақшылар корпусының жанкештілігі болмағанда, бүгінде аймақтың кемінде екі мемлекетінің ДАИШ-тың бақылауында болатынын айтты.

Хасан Рухани сионистік режим премьер-министрінің АҚШ шешімінің Тель-Авивтің сұрауымен қабылданғанын мойындағанына тоқталып, Сақшылар корпусының өз жанкештілігімен аймақтағы ДАИШ пен басқа да лаңкестік топтарға соққы бергенін айтты.

Франция Президенті де телефон арқылы сұхбатта Теһран мен Париждің қалаған салалардағы ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігін қайтадан қуаттап, Франция мен еуропалық компаниялардың  шынайы түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауды көздеп отырғанын айтты.