Зариф: Қазақстан – Иранның жақсы досы
https://itolqyn.com/news/iran-i41780
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Қазақстанды ИИР-ның өте жақсы досы деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 11, 2019 15:19 Asia/Almaty
  • Зариф: Қазақстан – Иранның жақсы досы

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Қазақстанды ИИР-ның өте жақсы досы деп атады.

ИИР СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Теһранда Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеубердімен кездесуінде Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасын дамытуды өте маңызды деп бағалады.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді де Иранды аймақтағы маңызды елдердің бірі деп атап, Қазақстанның Иранмен қарым-қатынасты кеңейтуді мақсат тұтатынын мәлімдеді.

Зариф пен Тілеуберді, сондай-ақ, екіжақты, аймақтық  және халықаралық мәселелер, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, экономикалық ортақ комиссия құру, транзит, консулдық әріптестіктер, АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкциялары, АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы жауластық әрекетінің қатерлі салдарлары, тасымал дәліздері, Тәжікстанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің конференциясын өткізу, Қазақстанның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдауы жайында пікір алмасты.