Джалили: Америкалықтар қателік жасаса, CENTCOM-ның да тағдыры ДАИШ сияқты болады
https://itolqyn.com/news/iran-i41791-Джалили_Америкалықтар_қателік_жасаса_centcom_ның_да_тағдыры_ДАИШ_сияқты_болады
Ислам революциясы жетекшісінің Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі өкілі АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы шарасына тоқталып: "Америкалықтар қателік жасаса, осы елдің Батыс Азиядағы әскери күштері – CENTCOM-ды да ДАИШ сияқты тағдыр күтеді",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 12, 2019 17:51 Asia/Almaty
  • Джалили: Америкалықтар қателік жасаса, CENTCOM-ның да тағдыры ДАИШ сияқты болады

Ислам революциясы жетекшісінің Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі өкілі АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы шарасына тоқталып: "Америкалықтар қателік жасаса, осы елдің Батыс Азиядағы әскери күштері – CENTCOM-ды да ДАИШ сияқты тағдыр күтеді",-деп мәлімдеді.

Саид Джалили бейсенбі күні кешке Иранның 2-ші арнасына берген сұхбатында Иранның лаңкестік құрбандарының бірі екенін айтып: "Мұнафықтар" лаңкестік тобы Иранда 17 мыңнан астам адамды өлтірген жағдайда бұл топ америкалықтардың қолдауына ие болып отыр",-деді.

Джалили АҚШ-тың әлем халықтарына қарсы қылмыстарына тоқталып, Хиросиманы бомбалауды, Вьетнамдағы соғысты, сионистік режимді қолдауды, Ирак пен Ауғанстанға шабуыл жасау мен ДАИШ-ты құруды АҚШ-тың лаңкестік әрекеттерінің қатарында атады.

Джалили Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды қайта салып, ақымақтық жасағанын айтып: "Иран 15 көршілес елі бар, алуан түрлі әлеуеттері мен дарынды адам ресурстарына ие мемлекет ретінде ешқашан тығырыққа тірелмейді",-деді.