Джалили: Америкалықтар қателік жасаса, CENTCOM-ның да тағдыры ДАИШ сияқты болады
Ислам революциясы жетекшісінің Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі өкілі АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы шарасына тоқталып: "Америкалықтар қателік жасаса, осы елдің Батыс Азиядағы әскери күштері – CENTCOM-ды да ДАИШ сияқты тағдыр күтеді",-деп мәлімдеді.
Саид Джалили бейсенбі күні кешке Иранның 2-ші арнасына берген сұхбатында Иранның лаңкестік құрбандарының бірі екенін айтып: "Мұнафықтар" лаңкестік тобы Иранда 17 мыңнан астам адамды өлтірген жағдайда бұл топ америкалықтардың қолдауына ие болып отыр",-деді.
Джалили АҚШ-тың әлем халықтарына қарсы қылмыстарына тоқталып, Хиросиманы бомбалауды, Вьетнамдағы соғысты, сионистік режимді қолдауды, Ирак пен Ауғанстанға шабуыл жасау мен ДАИШ-ты құруды АҚШ-тың лаңкестік әрекеттерінің қатарында атады.
Джалили Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды қайта салып, ақымақтық жасағанын айтып: "Иран 15 көршілес елі бар, алуан түрлі әлеуеттері мен дарынды адам ресурстарына ие мемлекет ретінде ешқашан тығырыққа тірелмейді",-деді.