Иран халқы салтанатты шеру өткізіп, Ислам революциясының Сақшылар корпусына қолдау көрсетті
Иран халқы жұма намазынан кейін елдің түкпір-түкпірінде салтанатты шеру өткізіп, Ислам революциясы Сақшылар корпусына қолдау көрсетті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бүкіл Иран халқы салтанатты шеруде АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сақшылар корпусын лаңкес деп атауына қатысты заңсыз әрі ақылға сыймайтын шарасын айыптады.
Иран халқы шерудің соңында мәлімдеме жариялап, Сақшылар корпусының Ислам революциясын қорғаудағы ықпалы мен айбыны дұшпандарды үрейлендіріп, дәрменсіздікке ұшыратқанын баса айтты.
Мәлімдемеде: "АҚШ басшылары адамзатқа қарсы қылмысқа толы қара тарихында Йемен, Нигерия, Бахрейн, Палестина, Ауғанстан, Сирия мен Ирак халықтарын қырып-жойғандықтан мемлекеттік терроризм мен лаңкестерді тәрбиелеуші мемлекет саналады",-деп қуатталды.
Иран халқы, сондай-ақ, Иранның үстемшілдер мен сионистердің зорлық-зомбылығына ұшырап отырған елдер мен халықтарды жан-жақты қолдауды жалғастыруды өзінің діни, адами және революциялық міндеті санайтынына тоқталып: "Дұшпандардың Палестина мен Сирияның Голан жоталарының аумақтық тұтастығына қарсы кез келген шарасы заңсыз әрі халықаралық ережелерге қайшы, сондықтан жеңіліс табады",-деп мәлімдеді.