АҚШ-тың Сақшылар корпусын лаңкес деп атауы оның айбыны мен белсендігіне әсер етпейді
Иранның Барлау министрі: «Ислам революциясы Сақшылар корпусының қарулы күштер ретіндегі басты ықпалы Иранның ішінде болғандықтан, АҚШ-тың бұл корпусты лаңкес деп атауы оның айбыны мен белсендігіне әсер етпейді",-деді.
Mehr ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, сейіт Махмуд Алави Иран халқының Сақшылар корпусына тілеулес екеніне тоқталып: "АҚШ-тың одақтастары Иранға келіссөз жүргізуге ұсыныс жасағалы жатыр, өйткені олар АҚШ Президентінің көп ұрандатқанына қарамастан, ештеңе істемегенін түсінді",-деді.
Сонымен қатар ИИР Тәртіп күштерінің қолбасшысы сардар Хосейн Аштари АҚШ үкіметінің бір елдің ресми әскери құрылымын лаңкес деп атауын Дональд Трамп пен АҚШ үшін масқарашылық деп атап: "Сақшылар корпусы әрдайым лаңкестікпен күресетінін дәлелдеді. Сақшылардың көбі лаңкестік топтармен күресте шәһид болды",-деді.