Ваези: АҚШ-тың шарасы Иран халқының бірлігіне себеп болды
ИИР Президенті кеңсесінің басшысы Ваези америкалықтардың Ислам революциясының Сақшылар корпусына қатысты ақылға сыймайтын шарасының Иранда ұлттық бірлік пен тілеулестіктің одан ары нығая түсуіне себеп боғанын баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Махмуд Ваези сенбі күні елдің саяси-экономикалық және атқарушы органдары директорарымен кездесуінде АҚШ-тың Иран халқымен жауластығының шегі жоғын айтып: "Америкалықтардың осы ақылға сыймайтын шарадан көздеген мақсаты – ислам жүйесі мен Иран халқының арасына іріткі салып, алауыздық тудыру. Олар өткен 40 жылдың ішінде өз мақсаттарына жете алмады.
Ислам жүйесінің дұшпандары әртүрлі кезеңдерде жарнамалық және психологиялық соғыс жүргізу және санкциялар салу арқылы Иранда әлеуеттік капиталды төмендетуге күш салғанымен өз мақсаттарына жеткен емес",-деді.