Бижан Зангане АҚШ-қа мұнай бағасының қымбаттайтынын ескертті
(last modified Mon, 15 Apr 2019 08:19:44 GMT )
Сәу 15, 2019 14:19 Asia/Almaty
  • Бижан Зангане АҚШ-қа мұнай бағасының қымбаттайтынын ескертті

ИИР Мұнай министрі Зангане АҚШ-қа әлемдік нарықта мұнай бағасының қымбаттайтынын ескертті.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бижан Намдар Зангане жексенбі күні радио арқылы сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранға қарсы қысымды арттыру туралы қоқан-лоққысына қатысты: «Егер АҚШ Иранға қарсы қысымдарын күшейтсе, нарықтағы мұнай бағасы болжауға келмейтіндей қымбаттайды. Мұнай бағасының жағдайы тұрақсыз, ұсыныс сұраныстан жоғары емес, тіпті қосымша өндірілген мұнай артық болмайды»,- деді. Бижан Зангане Дональд Трамп Иранға қысым көрсету немесе АҚШ бензиннің бағасын төмен ұстау арасында біреуін таңдауы керек екендігіне тоқталып: «Бүгінде Венесуэла қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр; Ресейге қарсы санкция салынды; Ливияда бейберекеттік орнады; АҚШ мұнай өндірісінің бір бөлімінен айырылды; Судан да мұнай мәселесінде қиындықтармен кезігіп отыр»,- деді.