АҚШ пасықтығын тағы көрсетті
(last modified Tue, 16 Apr 2019 08:56:31 GMT )
Сәу 16, 2019 14:56 Asia/Almaty
  • АҚШ пасықтығын тағы көрсетті

Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің баспасөз хатшысы АҚШ пен кейбір еуропалық мемлекеттердің басқа елдердің Иранда селден зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберуге тосқауыл жасауын пасықтық, адамгершілік және адамның негізгі құқығымен қарсыласу деп атaды.

Аятолла Сейед Ахмад Хатами дүйсенбі күні журналистерге берген сұхбатта: «Тіпті соғыспен бетпе-бет келіп отырған мемлекеттердің өзі гуманитарлық мәселелерде бір-бірімен ынтымақтастық жасап отыр. Алайда АҚШ пен одақтастары Иранда сел апатынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізу мәселесінде пасықтық танытты»,- деді. Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп атаған ақымақ шешімін де Ақ үйдің пасықтығы деп атап: «Иранның Қарулы күштері, соның ішінде Сақшылар корпусы халықтың алдында қадірлі, келешекте де қадірін жоғалтпайды. АҚШ Президенті бұл әрекетімен Сақшылар корпусына деген құрметті одан сайын арттыра түсті»,- деді.