Құран мәдениетін таратып, Құран тағылымдарына сай ғамал ету керек
(last modified Tue, 16 Apr 2019 11:31:41 GMT )
Сәу 16, 2019 17:31 Asia/Almaty
  • Құран мәдениетін таратып, Құран тағылымдарына сай ғамал ету керек

«Құранға сай ғамал ету ғиззат, тұрмыс, даму, құдырет, бірлік пен бұл дүниедегі тату-тәтті өмір мен ақыреттегі бақытты қамтамасыз етеді».

Ислам революциясының жетекшісі Құран Кәрім халықаралық жарысына қатысушылармен кездесуінде кейбір ислам елдері басшыларының Құран тағылымдарына сай ғамал етпейтінін айтып, оларды АҚШ пен сионистердің нөкерлері деп атады.   Аятолла Хаменеи ислам үмбеті мен адамзаттың көптеген қиындықтарының себебін Құран тағылымдарына сай ғамал етпеумен байланыстырып: "Қазіргі таңда Алланың көмегімен Ислам республикасында халықтың, әсіресе жастардың Құран тағылымдарына сүйенуі күннен күнге  артып келеді. Құранға сүйену исламдық жүйені бақытқа, күш-қуат пен  ғиззатқа жеткізеді",- деді. Өкінішке орай, кейбір ислам елдері шынайы болмыстары мен ислам құндылықтарына немқұрайдылық танытып, Құраннан алыстап, оның шынайы түсініктерін білмейді. Құраннан алыстау дұшпандардың ислам елдерін өз мүдделеріне пайдаланып, ішкі істеріне араласуына себеп болып жатыр. Қоқан-лоққылардың алдында мықты болу керек. Бірақ, күш-құдырет тек қаруға ие болу ғана емес. Білім, иман, табандылық және ислам революциясының болмысы – құдыретті білдіретін факторлар. Аятолла Хаменеи айтылған тақырыптарды қуаттап: «Дұшпандар Иран халқына қарсы әрекеттерін артып, Иран халқының Құран тағылымдарына табандылық білдіруіне ызаланған сайын бұл халық одан сайын күшейіп, Құранға одан сайын жақындай түседі",- деп баса айтты. Мұсылмандар қолда бар бар мүмкіндіктерін Құранға жақындау жолында пайдалануы керек. Өткен жылдары болған оқиғаларға жасаған шолу мен тәжірибелер бұл мәселенің маңыздылығын одан сайын дәлелдей түседі. Надандық пен үмітсіздікті қайта жаңғыртқан «қара кезең» деп атауға болатын өткен жылдары өкінішке орай, тайпалық надандықты таратып, тәкпіршіл-сионистік ДАИШ тобына қолдау көрсеткен Сауд Арабиясы секілді мемлекеттер діннің таза сенімін жою жолына түсіп, қаржысы және адастыратын үгіт-насихатымен әртүрлі аттары мен белгілері бар экстремистік топтарды құрумен айналысты. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Кейбір Ислам елдерінің басшылары қайшылықтарға негіз дайындап, Сирия мен Йемендегі соғыс пен мұсылмандардың қырылуына себеп болды»,- деді. Лаңкестік сияқты құбылыс пен Йемен халқының Сауд Арабиясы басшыларының бұл елге жасап отырған рақымсыз шабуылдары және аймақтағы араб шейхтерінің лаңкес-тәкпіршіл топтарға көрсетіп отырған қаржылай және қару-жарақ тұрғысынан қолдаулары  – надандықтың белгісі. Сол себепті Ислам революциясының жетекшісі барлық ислам елдерінің міндетін Құранның шынайы болмысы мен құндылықтарына жақындау деп атап көрсетті.

 

   

.

 

Тегтер