Иран Мәжілісінде Сақшылар корпусының рөлін нығайту туралы жоба бекітілді
https://itolqyn.com/news/iran-i41841-Иран_Мәжілісінде_Сақшылар_корпусының_рөлін_нығайту_туралы_жоба_бекітілді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері АҚШ үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп жариялауына қарсы бұл органды нығайту туралы жобаны мақұлдады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 17, 2019 13:47 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінде Сақшылар корпусының рөлін нығайту туралы жоба бекітілді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері АҚШ үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп жариялауына қарсы бұл органды нығайту туралы жобаны мақұлдады.

ICANA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сейсенбі күні Иран Ислам Кеңесінің Мәжіліс өкілдерінің дауысымен бекітілген жобада АҚШ-тың Орталық штабының күштері (CENTCOM) мен ұйымдары   және бұл штабтың қарамағындағы күштер лаңкес деп жарияланды. Сондай-ақ, Иранның АҚШ үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп жариялауына қарсы қабылдаған жобасы бойынша, америкалық күштерге көрсетілген ақпараттық, қаржылай, техникалық көмектер, оқыту және қызмет көрсету лаңкестікпен ынтымақтастық жасау саналады.