Теһрандағы 32-ші Халықаралық кітап көрмесіне 3000-нан астам баспагер қатысады
Сәу 17, 2019 15:52 Asia/Almaty
Теһрандағы 32-ші Халықаралық кітап көрмесін өткізуге жауапты басшы Мохсен Джавади көрмеге 3000-нан астам баспагердің қатысатынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрінің орынбасары Мохсен Джавади Теһран кітап көрмесіне әлемнің 30 мемлекетінің шамамен 800 баспагері 137000 кітап ұсынғанын, сондай-ақ 2400 жергілікті баспагердің 300 000 кітаппен қатысатынын айтты.
Теһрандағы 32-ші Халықаралық кітап көрмесі 24-ші сәуірден 4-ші мамырға дейін «Оқу – күш-қуат» деген тақырыпта өтеді.
Тегтер