Зариф әлем елдерінің СІМ-нен АҚШ-тың авантюризміне қарсы ұстаным білдіруді сұрады
Иран Сыртқы істер министрі әлем елдерінен АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне қосқанына қатысты заңға нақты әрі түбегейлі ұстаным білдіруді сұрады.
Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні әлем елдері Сыртқы істер министрлеріне арнаған хатында АҚШ режимінің БҰҰ мен адам құқығына қатысты халықаралық конвенцияларға мүше тәуелсіз елдің ресми әскери күшінің бір бөлігін лаңкес деп атауының қатерлі саяси-құқықтық салдарларына тоқталып, оны халықаралық жүйеге қарсы ең ауыр қоқан-лоққылардың бірі деп атады.
Зариф, сондай-ақ, АҚШ-тың Иран мен әл-Каиданың арасында байланыс бар деп Теһранға жалған айып тағуына тоқталып: «Бұл шара да АҚШ-тағы қоғамдық пікірді Батыс Азия аймағындағы жаңа бір авантюристік әрекетке дайындау үшін және АҚШ-тың атқарушы билігіне осы елдің әскери күштерін басқа бір елге қарсы қолдану үшін заңды ықтияры бар деп көрсетге жасалып отырған жоспардың бір бөлігі »,-деді.