Зариф: Лаңкестер мен олардың демеушілері мұсылман елдердің достығынан қорқады
(last modified Sat, 20 Apr 2019 10:10:43 GMT )
Сәу 20, 2019 16:10 Asia/Almaty
  • Зариф: Лаңкестер мен олардың демеушілері мұсылман елдердің достығынан қорқады

Иран Сыртқы істер министрі Зариф бейсенбі күні Пәкістанда болған лаңкестік шабуылды айыптап: "Лаңкестер мұсылман елдердің қарым-қатынасының жақындығынан қорқады",-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында Пәкістанда жуырда болған лаңкестік шабуылды айыптап: "Лаңкестер, экстремистер мен олардың демеушілері мұсылман елдердің жақын қарым-қатынасынан қорқады",-деп жазды.

Зариф Теһран мен Исламабадтың лаңкестікпен күрес жолында әріптестік жасауы қажеттігін қуаттап, Иранның Пәкістан халқы мен үкіметінің қасынан әрдайым табылатынын мәлімдеді.  

Зариф, сондай-ақ, Пәкістан Премьер-министрі  Имран Ханның 21 сәуірде Иранға келетінін қолдап, бұл сапарды екі елдің байланысын тереңдету және кеңейту жолындағы бетбұрыс нүктесі деп бағалады.

Бейсенбі күні таңертең белгісіз басқыншылар Пәкістанның Белучистан штатындағы Гвадар ауданында бір автобустағы 14 адамды өлтірді.