Иран Шри-Ланка халқы мен үкіметіне сол елдегі лаңкестік шабуылдарға байланысты көңіл айтты
(last modified Sun, 21 Apr 2019 12:45:37 GMT )
Сәу 21, 2019 18:45 Asia/Almaty
  • Иран Шри-Ланка халқы мен үкіметіне сол елдегі лаңкестік шабуылдарға байланысты көңіл айтты

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сейіт Аббас Мусави Шри-Ланкада болған лаңкестік әрекеттерді айыптап, осы елдің халқы, үкіметі мен құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтты.

Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сейіт Аббас Мусави Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында болған лаңкестік әрекеттерге тоқталып: "Бүгінгі қылмыс "лаңкестік" деп аталатын жиренішті құбылыстың шекара, нәсіл, ұлт пен мазхаб шеңберінен тыс әлемдік түйткілге айналғанын көрсетіп отыр. Бүкіл елдердің мықты ерік-жігері мен барлық мүмкіндікті пайдаланып, екіжүзді қатынасты тыю арқылы лаңкестіктің тамырын жоюға болады",-деді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Шри-Ланка полициясы бүгін, жексенбі күні таңертең Коломбоның Сент-Антони, Катовапития және Баттикола шіркеулері мен Шангри-ла мен Кингсбери қонақ үйлерінде христиандардың Пасха мерекесі барысында болған жарылыстар салдарынан 180-нен астам адамның қаза тауып, 300 адамның жараланғанын хабарлады.