Иран Сыртқы істер министрі Шри-Ланкадағы лаңкестік шабуылды айыптады
Иран Сыртқы істер министрі Шри-Ланкадағы лаңкестік шабуылды айыптап, бұл елдің үкіметі мен халқына және құрбан болған адамдардың отбасыларына көңіл айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Твиттердегі парақшасында: «Лаңкестік – ешбір дінге қатысы жоқ әлемдік қатер. Бүкіл әлем оны айыптап, онымен қарсыласу керек»,- деп жазды. Шри-ланка полициясы бүгін, дүйсенбі күні ел астанасы Коломбоның әуежайына жақын жерде бомба табылғанын, оның залалсыздандырылғанын хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша, христиандардың Коломбоның кейбір шіркеулері мен қонақ үйлерінде Пасханы тойлауымен тұспа-тұс бірінен соң бірі орын алған жарылыстардың салдарлынан 290-нан артық адам қаза болып, 400 адам жараланды. Жараланғандардың кейбіреуінің жағдайы өте нашар.
Жарылыстардың жауапкершілігін осы уақытқа дейін ешбір жеке адам немесе ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Бірақ, Шри-Ланка полициясы осы жарылыстарға қатысты 13 адамды құрықтады.