Иран мен Пәкістан қарым-қатынастарын нығайту саласында бөгделерге араласуға рұқсат бермейді
https://itolqyn.com/news/iran-i41892
ИИР Президенті Рухани Теһран мен Исламабадтың көптеген ортақ жайттарына тоқталып, Иран мен Пәкістанның қарым-қатынастарын нығайту саласында бөгделерге араласуға рұқсат бермейтіндерін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 22, 2019 19:01 Asia/Almaty

ИИР Президенті Рухани Теһран мен Исламабадтың көптеген ортақ жайттарына тоқталып, Иран мен Пәкістанның қарым-қатынастарын нығайту саласында бөгделерге араласуға рұқсат бермейтіндерін қуаттады.

 

Хасан Рухани дүйсенбі күні Иран мен Пәкістанның жоғары лауазымды делегацияларының Теһрандағы отырысында Теһран мен Исламабадтың экономика, инфрақұрылым және қауіпсіздік салалардағы ынтымақтастық әлеуетінің кең ауқымдылығына тоқталып, Теһранның Пәкістанмен банк, транзит, мұнай мен газ, электр қуаты, мұнай-химия, туризм, университеттер мен медицина салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзірлігін мәлімдеді. Рухани АҚШ-тың өзінің әскери араласушылығымен аймақтың экономикасы мен қауіпсіздігіне өте үлкен шығын келтіргенін қуаттап, қазіргі жағдайда аймақ елдері, соның ішінде Иран мен Пәкістанның бір-бірінің қасынан табылып, өз мүдделері үшін тәуелсіз шешімдер қабылдап, бағдарламалар жоспарлауы керектігін айтты.

Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан да Иран мен Пәкістанның лаңкестікпен шынайы күресетінін қуаттады.