Иран мен Пәкістан шекаралары бейбіт және достық шекаралары болуы керек
Иран Президенті Рухани мен Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан ортақ мәлімдемелерінде Иран мен Пәкістан шекараларының бейбіт және достық шекара болуы керектігін, лаңкестік сияқты қоқан-лоққымен күресу үшін ынтымақтастықтың қажеттігін қуаттады.
Рухани мен Имран Хан дүйсенбі күні Теһранда жариялаған ортақ мәлімдемелерінде Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты келісіміндегі барлық міндеттемесін орындағандықтан, басқа елдердің де бағдарламаны жылдам орындауы қажеттігін қуаттауымен бірге өз министрліктерінің қарамағындағы органдарды барлық мүмкіндікті пайдаланып, экономикалық және сауда жұмыстарын арттыру үшін тиісті әрекеттерді іске асыруға міндеттеді.
Иран Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі, сондай-ақ, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін алдымен Ауғанстанда қауіпсіздік пен тұрақтылық қалыптастырып, сол елдің барлық тараптары арасында жан-жақты келіссөз өткізуді қажет іс деп атап, аймақ елдері мен халықаралық қоғамнан қайшылықтарды тоқтатып, бұл елге бейбітшілікті қайтару мақсатында ынтымақтастықты арттыруды сұрады.