Зариф: Трамп үкіметі АҚШ-ты сенімсіз елге айналдырды
https://itolqyn.com/news/iran-i41958-Зариф_Трамп_үкіметі_АҚШ_ты_сенімсіз_елге_айналдырды
Иран Сыртқы істер министрі Трамп үкіметі әрекеттерінің АҚШ-қа сенуге болмайды деген жолдауды жеткізетінін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 29, 2019 14:38 Asia/Almaty
  • Зариф: Трамп үкіметі АҚШ-ты сенімсіз елге айналдырды

Иран Сыртқы істер министрі Трамп үкіметі әрекеттерінің АҚШ-қа сенуге болмайды деген жолдауды жеткізетінін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мохаммад Джавад Зариф ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Иранға көрсетіп отырған экономикалық қысымдары туралы сөзінде АҚШ-тың мақсатын Иран халқына қарсы қысымдарды арттыру деп атап, тіпті Ирандағы сел кезінде де АҚШ өзінің банктік заңдары арқылы шетелдегі ирандық азаматтарға Иранға көмектесуге рұқсат етпегенін айтты.

Иран Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында Иранның зымырандық бағдарламасына тоқталып: «Иранның зымырандық бағдарламасына қатысты №2231 қарар Иранның ядролық оқтұмсықтар тасымалдайтын мүмкіндікке ие зымыран шығаруына тыйым салады. Иранның жобалаған зымырандарының мақсаты – жерсерігін ғарышқа жеткізу. Бұл зымыран ядролық қару тасу үшін жобаланған жоқ»,- деді.  

Иран Сыртқы істер министрі Иракта шамамен 600 америкалық әскеридің өлімге ұшырауы туралы уәждерге қатысты сұраққа: «Ислам революциясы Сақшылар корпусы еш уақытта америкалықтарды өлтірген жоқ»,- деп жауап берді.