Ислам революциясының жетекшісі киберкеңістікті қатерге тірейтіндерге қатаң шара қолдануды сұрады
(last modified Mon, 29 Apr 2019 10:44:15 GMT )
Сәу 29, 2019 16:44 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі киберкеңістікті қатерге тірейтіндерге қатаң шара қолдануды сұрады

Ислам революциясының жетекшісі полиция күштерінің киберкеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы рөлін маңызды бағалап, полиция күштерінің контрабанда мен киберкеңістікті қауіп-қатерге тірейтін факторларға шынайы түрде қарсы тұруы керектігін қуаттады.

Аятолла Хаменеи кеше, жексенбі күні полиция күштері қолбасшыларымен кездесуінде киберкеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы: «Киберкеңістік халықтың өміріне дендеп енуімен, оның пайдасы және мүмкіндіктерімен бірге үлкен қатер де бар»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі киберкеңістіктің қауіп-қатерге тірелуін халықтың зиян көруіне себеп болатынын, сондықтан полиция күштері міндетінің киберкеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін қуаттады.

Аятолла Хаменеи қаруды алып-сатудың алдын алуды полиция күштерінің келесі маңызды міндеті деп атап: «АҚШ секілді кейбір мемлекеттерде қаруды алып-сату ісі қару-жарақ компанияларының мүддесіне орай азат болғандықтан халық үшін қиындық тудырып отыр. Біздің елімізде қаруды алып-сатуға тыйым салынған. Сондықтан оның алдын алу керек»,- деді.

 

 

 

Тегтер