Америкалықтар Иранның шынайы қарсылас екенін білгені жөн
(last modified Mon, 29 Apr 2019 14:13:17 GMT )
Сәу 29, 2019 20:13 Asia/Almaty
  • Америкалықтар Иранның шынайы қарсылас екенін білгені жөн

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани ирандықтардың еш уақытта зорлық-зомбылыққа бағынбайтынын қуаттап: "Америкалықтар Иранның олар үшін шынайы қарсылас екенін білгені жөн",- деп қуаттады.

Әли Лариджани АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып: "Дональд Трамп – күн сайын бір халықаралық келісімнен шығатын қызық адам. Трамптың әрекеттері халықаралық деңгейдегі шығындарды көрсетеді",- деді.

Лариджани сондай-ақ, АҚШ-тың Теһранмен келіссөз өткізу үшін 12 шарт қойғанына тоқталып: "Америкалықтардың келіссөздері бағындыру мен кемсітуді көздейді. Сауд Арабиясы бағынды, ақша берді, соңында қорлықпен бетпе-бет келді",- деді.