Америкалықтардың Иранның мұнай экспортына тыйым салу шешімі – қателік
ИИР Президенті Рухани америкалықтардың Иранның мұнай экспортына тыйым салу шешімінің қате екенін қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда үздік жұмысшылар, үздік жұмыс тобы мен жұмыс бірліктерін марапаттаудың 30-шы ұлттық форумында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың мұнай экспортына қысым көрсетіп, Иранға мұнайын сатқызбай, валюталық кірістерін азайтуды көздеп отырғанын айтты. Хасан Рухани АҚШ-тың Иранды кейбір өнімдердің импортын арттыруға мәжбүрлегісі келетініне тоқталып, жұмысшылардың АҚШ-қа қарсы алғашқы шептен көрініп отырғанын мәлімдеді. Рухани америкалықтардың келешекте Иранның мұнай экспортын жалғастыратынын көретінін қуаттап: "Кейбір мемлекеттер АҚШ-тың қысымдарының алдында кейін шегінді. Бірақ, Иран халқы Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері әрқашан АҚШ-қа қарсы табандылық білдірді",- деп баса айтты.