Халық біртұтас болса, дұшпанның қастығы оның өзіне зиян келтіреді
(last modified Wed, 01 May 2019 15:12:58 GMT )
Maм 01, 2019 21:12 Asia/Almaty
  • Халық біртұтас болса, дұшпанның қастығы оның өзіне зиян келтіреді

Ислам революциясының жетекшісі бүгін, сәрсенбі күні "Мұғалім күні" қарсаңында елдің мыңдаған мұғалімі және білім саласының қызметкерлерімен кездесуінде халық біртұтас болса, дұшпанның қастықтары оның өзіне зиян келтіретінін қуаттады.

Аятолла Хаменеи кездесуде дұшпанның әскери дайындығы мен олардың экономика және саяси салаларға шабуыл жасап, ақпарат арқылы ықпал етуі мен киберкеңістікке соққы беруіне тоқталып: "АҚШ пен сионизм жан-жақты бағдарламалар құрып, әрекеттерін жалғастырып жатыр. Бұл АҚШ-тың тек қазіргі үкіметінің ғана саясаты емес. Дұшпанның Иран халқына қарсы әскери дайындықтарына жауап ретінде халық әскери тұрғыдан дайын болуы керек. Сондықтан барлық басшылар, бүкіл халық, әр саланың белсенділері жауапкершілікті түсініп, атсалысуға дайын болуы керек. Дұшпанның сыртқы қоқан-лоққысы болмаса, әскери салада соғысқа дайын емес, бірақ біздің әскерилеріміз қырағылық сақтап отыр",- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи Ислам республикасында дін  туының әлемнің барлық жеріне қарағанда биігірек көтерілгенін және ғылыми тұрғыдан да Иранның дамыған елдердің қатарына кіретінін қуаттады.