Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасы артады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Теһранда Қазақстан елшісімен кездесіп, екі елдің достық қарым-қатынасын кеңейтудің маңыздылығын қуаттады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдоллахиан Теһранда Қазақстан елшісі Асхат Оразбаймен кездесуде екі елдің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету жолында әртүрлі салаларда өзара әріптестік пен байланысты дамытып, нығайтудың түбегейлі рөлге ие екенін мәлімдеді.
Ол Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Қазақстанмен әртүрлі салаларда, соның ішінде парламентаралық байланыстың дамытылып, кеңейтілуін қолдайтынын мәлімеді.
Қазақстанның Ирандағы жаңа елшісі Асхат Оразбай да осы кездесуде: «Қазақстан Иранның әртүрлі делегацияларын қабылдады. Екі ел арасында ең жоғары деңгейлерде көптеген кездесулер болды. Мұның өзі екі елдің достық қарым-қатынасқа ие екенін көрсетеді. Қазақстан Иранмен байланыс деңгейін жоғарылатуды қолдайды»,-деді.