Аймақтық дағдарыстар – АҚШ-тың авантюристік әрекеттерінің салдары
(last modified Thu, 02 May 2019 11:09:40 GMT )
Maм 02, 2019 17:09 Asia/Almaty
  • Аймақтық дағдарыстар – АҚШ-тың авантюристік әрекеттерінің салдары

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Батыс Азия аймағындағы дағдарыстардың АҚШ-тың қазіргі үкіметінің таяз ойластырылған авантюристік әрекеттері мен басқыншылық сипаттағы біржақты саясатының салдарынан туындап отырғанын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Дохада Азиядағы ынтымақтастық диалогы ассамблеясында бір алпауыттың өз еркін басқа ұлттарға таңуының баршаға қатер екенін айтып: "Елдер көпжақтылықты кепілдендіру үшін өз қабілеттері мен әлеуеттерін пайдаланбаса, біржақтылық заң билігінің орнына «жабайы орман» билігін орнатуы мүмкін",-деді.  

Зариф Ислам республикасының диалог пен көпжақтылық сақталуы үшін талмай еңбек етуге дайын тұрақты серіктес екенін, Азиядағы ынтымақтастық диалогы сындарлы рөл атқарып, өз мақсаттарын орындау үшін бұл ұйымның кәсіби білікті хатшылығының құрылуын аса маңызды деп атады.