Maм 06, 2019 14:10 Asia/Almaty
  • Иран сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылдарын айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Моусави көптеген палестиналықтың, соның ішінде балалар мен әйелдердің қазасы және жаралануына себеп болған сионистік режимнің Газа секторына қарсы шабуылдарын айыптады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Моусави: «АҚШ-тың сионистік режимді шексіз қолдауы мен кейбір ислам үкіметтерінің масқара үнсіздігінің аясында басып алынған жерлердегі сионистердің қылмыстары шектен шығып барады»,- деп баса айтты.

Сейед Аббас Моусави Палестинаның зорлық-зомбылық көріп жатқан сабырлы халқының Құдсты басып алған режимге қарсы заңды күресін мадақтап, сионистік режимнің қылмыстары алдында өздерін қорғап жатқан олардың заңды құқықтарын қуаттап, аймақ пен халықаралық ұйымдардан тез арада Израиль режимінің Палестинаның қорғансыз халқына қарсы шабуылдарын жалғастыруға тосқауыл қоятын шара қолдануды сұрады.  

 

 

 

 

 

Тегтер