ИИР Армиясының жаңа жетістіктерінің тұсаукесері өтті
(last modified Mon, 06 May 2019 13:35:12 GMT )
Maм 06, 2019 19:35 Asia/Almaty
  • ИИР Армиясының жаңа жетістіктерінің тұсаукесері өтті

ИИР Армиясы Құрлық күштері қолбасшысы және орынбасарының қатысуымен жаңа жетістіктерінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, "Фараз 220" ұшқышсыз ұшағы – ИИР Армиясының жаңа жетістіктерінің бірі. Ол 8 сағаттан астам уақыт бойы 100 км радиусте ұшып, 20 кг салмақты тасымалдайтын және күндіз де, түнде де көру қабілетіне ие. Иран Армиясының келесі жетістігі  – лазерлік зымырандарды бес жарым километрге дейін бақылауға ала алатын лазерлік жүйе. ИИР армиясының тұсаукесер рәсімінде көрсетілген келесі жетістігі – 15 км қашықтықтағы адамды немесе 20 км қашықтықтағы көлікті 150 есе үлкейтетін дүрбі. 30 есе үлкейте алатын сандық дүрбімен жабдықталған 23 мм оптикалық жүйе мен шығу қуаты 5 кВт жылжымалы  күн электрстансасы  Иран Армиясының келесі жетістіктері ретінде таныстырылды.