Maм 07, 2019 18:35 Asia/Almaty
  • Ислам  революциясы жетекшісі: Шайтандар мен күпірлікті жеңетін жалғыз жол – табандылық

Ислам революциясы жетекшісі Құранға сай амал ету мен табандылықтың Иран халқының өткен 40 жылдағы ғиззатының күн сайын артуы мен ерекше алға ілгерлеуінің себебі болғандарын және осы кезде де шайтандар мен күпірлікті жеңетін жалғыз жол табандылық екенін қуаттады.

 

Ислам  революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбіде қасиетті рамазан айының қарсанында имам Хомейни атындағы діни кешенінде Құран қарилері мен дұға оқушылардың қатысуымен өткен жиында адамзат пен исламдық қоғамның бүгінгі негізгі қажеттіліктерінің бірін Құранның тағылымдарын түсіну және оларға сай амал ету деп тауып, Құранда айтылғандай үстемдік пен күпірлікке қарсы тұрып, табандылық білдіру қажеттілігін қуаттады. Ислам  революциясы жетекшісі Құранның түсініктерімен таныс болмау және оларға сай амал етпеуді ислам әлемінің қазірігі қиындықтарының бірі деп атап: «Президент пен  патша атынан халықтарды билеп-төстегісі келетіндер - Құранда оларға қарсы тұру бұйрық берілгендердің және оларға сенім артпау қуатталғандардың өздері»,- деді.  Аятолла Хаменеи өткен бірнеше жылдағы исламдық ояну мен кейбір елдер халықтарының көтерілістеріне тоқталып: «Бұл көтерілістер оның қадірін түсінбеуге және АҚШ пен сионистік режимге сенім артуға байланысты басылды. Бірақ Иран халқы имам Хомейнидің басшылығы арқасында қозғалысы мен революциясының қадірін біліп, бірінші күннен үстемшілдерге   сенім артпай, оларға қарсы тұрды»,- деп қосты.    

 

Тегтер